Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақысындағы айырмашылық қысқарып келеді, деп хабарлады Jusan Analytics.
Ресми статистика бойынша, 2022 жылы ерлер мен әйелдердің жалақысындағы алшақтық орта есеппен 18,5% болды (одан бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 21,7%).
"Қазір жұмыспен толық қамтылған ерлердің орташа жалақысы 299 605 теңгені құраса (өткен жылмен салыстырғанда +6.5%-ға жоғары), ал әйелдерде – 244 276 теңге (+11.0%-ға жоғары)", – дейді аға талдаушы Клара Сейдахметова.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстандағы орташа жалақы – 275 мың теңге
- Ең төменгі жалақы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 70 мың теңге болады
Оның айтуынша, Қазақстанның тек 3 өңірінде әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жоғары:
- Жамбыл облысы (6,31%-ға):
- Солтүстік Қазақстан облысы (5,91%-ға):
- Түркістан облысы (0,45%-ға).
Ал ерлер әйелдерге қарағанда ең көбірек жалақы алатын өңірлер келесілер:
- Атырау облысы (41,08%-ға);
- Маңғыстау облысы (37,07%-ға);
- Қарағанды облысы (29,9%-ға) жоғары.
"Білім саласында ғана әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жоғары. Айырмашылық – 5.68%-ды құрайды", – дейді Клара Сейдахметова.