Тікелей эфир

Ең төменгі жалақы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 70 мың теңге болады

Қазақстанда 1,8 миллионға жуық адамның еңбекақысы өседі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі президент тапсырмасына сәйкес, ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге арттыру 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асатынын хабарлады.

Бұл әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 миллионға жуық жалдамалы жұмыскердің ақшалай кірістерінің өсуіне әкеледі.

Сондай-ақ, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.


Оқи отырыңыз: АЕК, ЕТЖ және ең төменгі күнкөріс деңгейі артады


Қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары динамикалық тәсілдемеге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ЕТЖ айқындау әдістемесін әзірлеуге кірісті. Бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді.

ЕТЖ еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылады.

Серіктестер жаңалықтары