Арнайы комиссия қайғылы оқиғаның себебін анықтап жатыр.
Ұлытау облысындағы "Шығыс Жезқазған" кенішінде жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы kazakhmys.kz жазды.
Қайғылы оқиға 5 қарашада күні болды.
"Қазақмыс" компаниясы 2023 жылдың 5 қарашасында «Шығыс Жезқазған» кенішінің №57 шахтасында болған апат туралы өкінішпен хабарлайды. 1984 жылы туған тау-кен шебері жұмыс істеп жатқанда жарақат алып, көз жұмды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр", – деп жазылған хабарламада.
"Қазақмыс" компанияның басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда кеншілер зейнет демалысына ерте шығуы мүмкін