Тікелей эфир

Қазақстанда кеншілер зейнет демалысына ерте шығуы мүмкін

Тиісті құжат жыл соңына дейін енгізіледі.

Кеншілерге зейнеткерлікке ерте шығу үшін жасы 55-тен асқан және зейнетақы қорында соңғы 7 жылдағы жинағы болуы шарт, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Үкімет қабырғасында еңбек министрі тиісті заң жобасы бекітілсе, ауыр және денсаулыққа зиянды жағдайда жұмыс істейтін 46 мыңға жуық азамат зейнет демалысына ерте шығатынын айтты.


Оқи отырыңыз: Абай кенішіндегі қайғылы оқиғадан кейін кеншілердің жалақысы көтеріледі.


Ведомство басшысы тиісті құжат жыл соңына дейін енгізілетінін мәлімдеді. Қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өмірді сақтандыру компанияларымен бірлесіп, арнайы есептеулер жүргізіп жатыр.

"Төлемдер республикалық бюджеттен, өмірді сақтандыру компаниялары мен жұмыс беруші есебінен жүргізілетін болады. Біз 3 жылға бюджеттік тапсырыс бердік. 45 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр, яғни жылына – 15 миллиард теңге. Біз ең төменгі күнкөріс деңгейін де ескеріп отырмыз. Жалпы төлем көлемі кеншінің зейнетақы жинағына байланысты болады", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Серіктестер жаңалықтары