Тікелей эфир

Семейде "Абай жастары" тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталды

12 қаңтарға дейін құжат өткізіп үлгеру қажет.

Абай облысының орталығы Семей қаласында "Абай жастары" тұрғын үй бағдарламасына өтініштер қабылдау басталды. Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлады.

"Өтініштер "Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде, Шмидт 9/1 көшесі, 1-қабат мекенжайында қабылданады. Құжат қабылдау бүгін басталып, 12 қаңтар аралығында қабылданады. Қабылдау уақыты 9.00-ден 12.00-ге дейін жалғасады. Барлық тілек білдірушілердің өтініштерін қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттары тексеріледі, бұл үшін 15 күнтізбелік күнге дейінгі мерзім беріледі, – делінген әкімдік хабарламасында.

Іріктеуден өткен жағдайда қатысушыға бағдарламаға сай келетіні туралы хабарланады. Қатысушы белгіленген уақытта келмес, жолдама кезекте тұрған келесі өтініш берушіге беруге құқылы.

Тексеруден сәтті өткен жағдайда өтініш беруші 30 күнтізбелік күн ішінде сатып алуға лайықты баспана табуы керек. Содан кейін 15 күн ішінде өтініш беруші келісім-шарт жасауға міндетті. Қандай да бір себептермен қатысушы өз міндеттерін орындамаса, әкімдік қатысуға жолдаманы тізімдегі келесі өтініш берушіге береді.


Оқи отырыңыз: Семейде "Абай жастары" тұрғын үй бағдарламасы 22 желтоқсанда іске қосылады


Бағдарлама мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, БАҚ салаларында қызмет атқаратын азаматтарға арналған. Бұл салаларда үміткерлерде кемі бір жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

  • Несие сомасы – 15 теңге;
  • Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10%;
  • Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5%.
  • Несие мерзімі – 19 жыл.

"Абай жастары" бағдарламасына 18-35 жас аралығындағы Семей қаласының тұрғындары қатыса алады. Айта кету керек, үміткерлер мен олардың отбасы мүшелерінің Семей қаласында тіркелуі міндетті. Сондай-ақ, талап бойынша, соңғы бес жылда үміткер мен оның отбасы мүшелерінде жеке тұрғын үйі болмауы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары