Абай облысының орталығы Семей қаласында "Абай жастары" тұрғын үй бағдарламасы 22 желтоқсанда іске қосылады. Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлап, бағдарлама шарттарын жариялады. Бағдарламаға құжаттар 22 желтоқсан – 12 қаңтар аралығында қабылданады.
Бағдарлама мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, БАҚ салаларында қызмет атқаратын азаматтарға арналған. Бұл салаларда үміткерлерде кемі бір жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
- Несие сомасы – 15 теңге;
- Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10%;
- Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5%.
- Несие мерзімі – 19 жыл.
"Абай жастары" бағдарламасына 18-35 жас аралығындағы Семей қаласының тұрғындары қатыса алады. Айта кету керек, үміткерлер мен олардың отбасы мүшелерінің Семей қаласында тіркелуі міндетті. Сондай-ақ, талап бойынша, соңғы бес жылда үміткер мен оның отбасы мүшелерінде жеке тұрғын үйі болмауы тиіс.
Оқи отырыңыз:
- Әкімдіктен – 5 пайыздық ипотека. Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына шолу
- Жастарға арналған бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді
"Абай жастары" бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- үлгі бойынша өтініш (Тұрғын үй инспекциясы бөлімімен беріледі);
- өтініш берушінің және барлық отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы анықтама;
- "Электрондық үкімет" веб-порталынан алынған соңғы жылдағы зейнетақы жинақтары туралы үзінді көшірме;
- өтініш берушінің азаматтық жағдайын растау (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, баланың тууы туралы куәлігі, бар болса мүгедектігі туралы анықтама);
- белгіленген үлгідегі ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде анықтаманың берілген күнін, шығыс нөмерін, жұмысқа тұрған күні мен қызметтік лауазымын көрсетіп берілген жұмыс орнынан анықтамасы;
- еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, еңбек өтілі және т.б.).
Бағдарлама шарттарымен толығырақ осы жерден танысуға болады.