"Денсаулық" ұлттық қауымдастығы мен Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) 200 студенті Алматыда оқитын студент жастар арасында темекі шегу, алкогольді тұтыну, тамақтану және салауатты өмір салты бойынша сауалнама жүргізді.
Зерттеуге AlmaU-дың 1-курсында оқитын 53 студенті волонтер-интервьюер ретінде тартылды. Сауалнамаға Алматының 18 жоғарғы оқу орнында оқитын студенттер қатысты. 1080 респонденттің 497-сі – ер адам және 583-і – әйел.
Сауалнама қатысушыларынан денсаулыққа теріс әсер ететін факторлар сұралды:
- зиян әдеттер (темекі шегу, алкоголь мен есірткі қолдану) – 42%;
- отырықшы өмір салты – 32%;
- дұрыс тамақтанбау және артық салмақ – 29%.
Респонденттердің шамамен 25%-ы артық салмағы барын айтқан, ал 3%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналатынын мәлімдеген.
Оқи отырыңыз: Тек фаст-фудпен тамақтанатын студенттер саны артқан. Зерттеу нәтижесі
Студенттердің 34%-ы зиянды азайтудың тиімді тәсілі деп тауарлардағы зиян компоненттерді қысқарту деп есептейді. Ал 32%-ы зиян өнімдерді сатуға тыйым салу ең тиімді әдіс дейді.
Сауалнамаға қатысушыларының 41%-ы денсаулыққа зияны аз өнімдер көп зиян келтіретіндерге қарағанда арзанырақ болуы керек деп санайды. Ал 64%-ы тауардың зияны аз екені туралы ақпарат өнімнің қаптамасында бжазылуы керек дейді..
"Салауатты өмір салты деген не?" деген сұраққа респонденттердің жауабы:
- темекі мен ішімдік секілді жаман әдеттерден бас тарту – 15%;
- дұрыс, әрі уақытылы тамақтану – 24%;
- тұрақты спорт – 23%;
- үнемі спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану және жаман әдеттерден бас тарту – 38%.
Сауалнама қатысушыларының 28%-ы көп қозғалмайтындарын мойындаса, 57%-ы, керісінше, белсенді өмір салтын ұстанатынын айтқан. Ал қалған 15%-ы бұл сұраққа жауап бере алмаған.
Оқи отырыңыз: Алкоголь, темекі, май мен тұз: Неге зиянды әдеттерді заңмен қойдыруға болмайды?
"Салауатты өмір салтын ұстануға не кедергі?" деген сауалға студенттердің 32%-ы "жалқаулық пен мотивацияның жоқтығы" деп жауап берсе, 26%-ы дұрыс тамақтанбау мен жұмыстан қол тимеу екенін айтқан. Ал 17%-ы спорт нысандарының жоқтығын алға тартқан.
Сауалнамаға қатысқан студенттердің үштен бірі темекі мен алкоголь өнімдерін тұтынатынын растаған. Олардың көбі \тұтынуға заңда рұқсат етілген жасқа жетпеген.