Оған зират аумағында марқұм болғандарды жерлеуге мүмкіндік болмауы себеп болғаны жазылған.
Түрксітан облысы Сарыағаш қаласының орталық мешіті жанында орналасқан мұсылман зираты жабылады. АшықНҚА порталында шешімнің жобасы жарияланды.
Жоба түсіндірмесінде мұндай қадамға зират аумағында марқұм болғандарды жерлеуге мүмкіндік тің жоқ екені себеп болғаны жазылған. Сонымен қатар, қала тұрғындарының пікірі ескерілгені айтылған.
Оқи отырыңыз:
- Зират тұрғызу дұрыс па? Қабір зияратының мәдениеті туралы
- Алматыдағы зираттар саны екі есеге жуық қысқарады
- Қабірді қайта ашуға шариғат рұқсат ете ме?
Жоба 16 наурызға дейін қоғам талқылауына ашық. Қабылданған жағдайда ресми жарияланғанынан күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.