Тікелей эфир

Алматыдағы зираттар саны екі есеге жуық қысқарады

Қалада 2011 жылдан бері зират жабылмаған.

Алматы қаласының басшысы Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қала тұрғынының "Рахат" ықшамауданындағы мұсылман және христиан зираттарын жабу туралы сұрағына жауап берді.

Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматыда 2011 жылдан кейін бірде-бір зират жабылмаған. Соған орай, қалада зираттарды жабу бойынша жұмыстар 2022 жылдың күзінен бастап қолға алынған. 

"Қаладағы көптеген қорымдар есепке алынбағаны анықталды. Біз қазір оларды қабылдап, олардың толған-толмағанын анықтап, содан кейін толған зираттарды жабу туралы шешім шығарамыз", – деп түсіндірді шаһар басшысы. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматыда 70 зират бар болса, олардың жартысына жуығын, яғни отызын жабу жоспарланып отыр. 


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары