"Саны бар да, сапасы жоқ". Елдегі заңгерлер саны сұраныстан тоғыз есе көп

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Сенат төрағасының айтуынша, қазір елімізде заңгерлер даярлау ісінде қордаланған мәселе көп.

Қазақстанда заң саласындағы мамандардың көлемі болжамды сұраныстан тоғыз есе жоғары. Бұл туралы парламент тыңдауында сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

Сенат төрағасының айтуынша, қазір елімізде заңгерлер даярлау ісінде қордаланған мәселе көп. Солардың бірі – жұмыс берушілерге қажетті мамандар мен оқу бітірген жас мамандардың саны арасында айырмашылық жоғары. Сондай-ақ, еңбек нарығында білікті заңгерлердің жетіспеуі де өзекті мәселе.

"Бүгінде заң саласындағы мамандардың көлемі болжамды сұраныстан тоғыз есе жоғары болып отыр. Яғни, мамандардың саны бар да, сапа жоқ деп айтсақ, артық болмас. Оған ешкім ренжімес. Осы мәселені жүйелі жолға қою үшін нақты тетіктерді қолға алуымыз керек. Сонымен қатар, құқықтық білім беру ісінде инновациялық тәжірибелер мен тәсілдерді енгізудің де берері мол екені сөзсіз. Осы бағытта да кешенді шаралар қажет деп есептейміз", - деді Мәулен Әшімбаев.

Серіктестер жаңалықтары