Облыс орталығында тұратын 30 жастағы Алтынай Байназарова перинаталдық орталықта үшем босанды. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.
Жүктіліктің 34-аптасында өмiрге келген нәрестелердің салмағы – 1 390, 2 090, 2 180 грамм. Олардың үшеуі де қыз бала. Ата-әжелері үшемге Әмина, Медина, Ясина деп ат қойды.
Нәрестелер 1 ай бойы перинаталдық орталықтың нәрестелер жансақтау, нәрестелер патологиясы бөлімшесінде ем қабылдады. Қазіргі кезде анасымен бірге үйіне шығарылды.
"Дәрігерлерге зор алғысымды білдіремін. Орталықта ана мен бала үшін қолайлы жағдай жасалған. Перзентхана заманауи жабдықтармен қамтамасыз етiлген", – деді Алтынай Байназарова.
Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталығында 8 339 нәресте дүниеге келген. Олардың 120-сы егіз болса, 2-еуі үшем.
Оқи отырыңыз: Қызылордалық отбасында егізден кейін үшем дүниеге келді.