Тікелей эфир

Қызылордалық отбасында егізден кейін үшем дүниеге келді

Отбасында енді сегіз бала бар.

"Егемен Қазақстан" басылымының сайты хабарлағандай, Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Қалжан ахун ауылының тұрғындары Бақытбек Қиясов пен Эльвира Әбдіғаппарованың отбасында үшем дүниеге келді. Бұған дейін отанасы өмірге егіз әкелсе, оның алдында тағы үш бала бар.

Үшем Әділхан, Әлихан, Нұрлыбек есімдерін иеленді.

Фото: Egemen.kz

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев отбасын құттықтап, нәрестелерге сый-сия­­патын жолдаған.

"Менің анам 9 құрсақ көтерген, мен үйдің кенжесімін. Кезінде анамның сыңары туа сала шетінеп кеткен екен, келіншегімнің нағашылары арасында егіздер бар. Сондықтан да былтыр дүниеге егіздер келгенде "тұқымда бар ғой" дескенбіз. Қазір олар аяғын апыл-тапыл басып жүр. Ал мына сәбилердің үшем екенін алғаш білгенде сенер-сен­бесімізді білмей қалдық", – деді үй иесі Бақытбек Қиясов.


Оқи отырыңыз: Алматыда биыл 845 адам квотамен ЭКО жасата алады


 

Серіктестер жаңалықтары