Тікелей эфир

Қыркүйекте Алматыдағы 1 302 білім ордасы аттестаттаудан өтеді. Тексеріс 5 жылда бір рет жүргізіледі

Ұйымдардың қызмет сапасын республикалық жалпыға ортақ тізілімдемеге есімі енген сарапшылар бағалайды.

2021 жылы Алматы қаласындағы барлық білім беру ұйымы мен мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бұл туралы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева хабарлады. 

Биыл оңтүстік астанадағы 207 мемлекеттік мектеп, 67 жекеменшік мектеп, 189 мемлекеттік балабақша, 643 мектепке дейінгі жекеменшік ұйым, 96 колледж, 61 жекеменшік колледж, 39 ЖОО мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бұл тексеріс 5 жылда бір рет жүргізіледі. Мақсаты – білім ұйымдары ұсынатын қызметтердің мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа қаншалықты сай келетінін анықтау. 

"Мемлекеттік аттестаттау білім сапасын көтеріп, интеллектуалды потенциалды арттыру үшін жүргізіледі. Тексеріс шаралары қаладағы білім ошақтарын 100% қамтиды. Олардың жекеменшік/мемлекеттік немесе қай ведомствоға қарайтыны маңызды емес. Осындай стимул білім ұйымдарында проблеманың шешімін өз бетінше іздеуге әсер етеді. Ашықтық сақталады деп үміттенеміз", – деді Гүлнар Ермекбаева. 


Оқи отырыңыз: Магистратура мен докторантураға түсу бойынша 8 маңызды сұраққа жауап


Білім ордаларының қызмет сапасын республикалық жалпыға ортақ тізілімдемеге есімі енгізілген сарапшылар бағалайды. Сарапшылар өздері бағалайтын құжаттарды электронды тасымалдағыштар арқылы алып, "өтті" немесе "өтпеді" деген екі бағаның бірін береді. 

Бұдан өзге мектепке дейінгі мекемеге баласы баратын ата-аналар арасында жасырын сауалнама жүргізіледі. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары