Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Вице-министр Қуаныш ЕрғалиевОнлайн оқу білім алудың жаңа форматына айналатынын мәлімдеді.
"Елімізде алғашқы онлайн университеттер ашылады. Жалпы, жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады, олардың 60 пайызы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді. Сондай-ақ, "Болашақ" бағдарламасын қайта қарастыру бойынша жұмысты бастадық", – деді Қуаныш Ерғалиев.
Оқи отырыңыз:
- Биыл колледжде тегін техникалық және кәсіптік білім алатындар саны 21% артады
- Халықаралық білім олимпиадасы жеңімпазы мен жүлдегерлері қанша сыйақы алады?
Мұнымен қатар, вице-министр 2021 жылы ғылымды қаржыландыру 2 есе артқанын айтты. Ал ғылыми қызметкерлер саны 1,5 есе өскен.
"Біз жыл сайын "Жас ғалым" жобасы бойынша постдокторанттарға 1 000 грант бөлеміз. Сондай-ақ, жыл сайын 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамадан өтуге баратын болады. Жалпы алғанда Білім және ғылым министрлігі 10 басым бағыт бойынша қазақстандық ғалымдардың 1 136 жобасы мен 59 ғылыми-техникалық бағдарламасын қаржыландырады", – деді Қуаныш Ерғалиев.
Еске салсақ, халықаралық білім олимпиадасы жеңімпазы мен жүлдегерлерінің сыйақы алатыны туралы хабарлаған едік. Олимпиада жүлдегерлерімен қатар, оларды жаттықтырған педагогтерге де қолдау көрсетіледі.