Тікелей эфир

Биыл колледжде тегін техникалық және кәсіптік білім алатындар саны 21% артады

Шолпан Каринова ауылдағы колледждерді дамытуға баса мән беріліп отырғанын айтты.

Жаңа оқу жылында 120 мыңнан астам қазақстандық колледжде тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

"Президенттің тапсырмасына сай колледждерде білім алу бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі артады. Биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады. Бұл 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 25 мыңға көп", – деді Шолпан Каринова.

Сонымен қатар, вице-министр кәсіпорындардың колледждерді шефтік қамқорлыққа алу тәжірибесін дамытып, дуалды білім беруді кеңейту көзделіп отырғанын айтты.

Еске салсақ, 2022 жылы техникалық мамандықтарға грант санының 40-тан 60 пайызға дейін артатыны туралы хабарлаған едік. 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары