Тікелей эфир

Қорғастың Қазақстан жақ бөлігінде 6 заңсыз ойын бизнесі мен бір жезөкшелер ошағы анықталды

60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді.

"Қорғас" ШЫХО аумағының Қазақстан жағында 6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер ошағын ҚХР азаматтары ұйымдастырған. Анықталғандай, астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

"Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдық, сондай-ақ, 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Прокурор Бишімбаевқа: Сүйгеніңіз осы ма? Неге бірден жедел жәрдемге емес, балгерге хабарластыңыз?


ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары