Мемлекеттік айыптаушы әйелін асқан қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтан неге бірден жәдел жәрдемге хабарласпағанын сұрады.
Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан бірінші жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласуының себебі не екенін сұрады.
"Қылмыстық іс материалдарындағы гистологиялық сараптама нәтижесіне сәйкес, Нүкенова 6-8 сағаттан кейін қайтыс болған. Сүйгеніңіз осы ма? Сіз соққыға жыққаннан кейін, ол өлгенше арада алты-сегіз сағат өткен. Неге жедел жәрдем шақырмадыңыз? Өзіңіздің куәлігіңізде бақсыға хабарласқаныңызды айтасыз. Ол таяқ жеп жатты. Оның орнынан тұрмағаны туралы өзіңіз айттыңыз. Неге бірден жедел жәрдемге хабарласпадыңыз? Сіз бақсыға хабарласып, арада бірнеше сағат өткенін күттіңіз. Неге бірден жедел жәрдемге хабарласпадыңыз?", – деп сұрады мемлекеттік айыптаушы.
Экс-министр бұл сұраққа қатысты ешнәрсе дей алмайтынын айтты.
Оқи отырыңыз: "Бір құлағаннан мұнша жарақат алуы мүмкін емес". Нүкенованың өліміне қатысты сараптама қорытындысы жарияланды
"Менің бар кінәм осы. Бұған қатысты ешнәрсе айта алмаймын", – деп жауап берді Қуандық Бишімбаев.
Мұнымен қатар ол Нүкенованың қатты күйзеліске түскен соң "36 сағатқа дейін ұйықтайтын" кездері болғанын алға тартты.
Еске салсақ, бұған дейін сотталушы Қуандық Бишімбаев куәлік ету кезінде Салтанат Нүкенованың дәретханада құлап басын жарақаттағанын және оны қалай тепкінің астына алғанын айтып берген болатын.
Оқи отырыңыз:
- Бишімбаев: Өмірлік маңызды емес ағзаларынан үш-төрт рет тептім
- "Ұрып-соғып, интимдік видеоға түсуге мәжбүрлеген". Прокурор Бишімбаевтың әйеліне қалай зорлық көрсеткенін айтты
- Прокурор: Бишімбаев телефонының құпия сөзін айтпай қойды, ол тергеуге көмектескен жоқ
- "Жымию былай тұрсын, сіз күліп тұрсыз ғой". Судья Бишімбаевқа ескерту жасады