Тікелей эфир

"Жымию былай тұрсын, сіз күліп тұрсыз ғой". Судья Бишімбаевқа ескерту жасады

Судья Бишімбаевтан марқұмның ата-анасына құрмет білдіруді сұрады.

Салтанат Нүкенованың қайтыс болуымен байланысты сот отырысы кезінде мемлекеттік айыптаушылар сотталушы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа ескерту жасады. 

Экс-министр марқұммен қарым-қатынасы туралы айта бастаған еді. Прокурор оған ескерту жасап, куәлік ету кезінде күліп тұрғаны орынсыз екенін айтты. 

"Қалай дегенмен бұл сот. Сіз жымимақ түгілі, күліп тұрсыз. (...). Ол өзінің сотта тұрғанын түсіне ме?" – деп сұрады прокурор Айжан Аймағанова. 

Судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтан куәлік беруді күлмей жалғастыруды сұрады. 


Оқи отырыңыз: "Бұл менің адамгершілік парызым". Қуандық Бишімбаев Нүкенованың ата-анасынан кешірім сұрады


"Айыпталушы Бишімбаев, жағдайдың мән-жайы туралы күлкі мен сарказмсыз айтыңыз. Марқұмның туысқандарына құрметпен қараңыз", – деп ескерту жасады судья. 

Экс-министр бұл күлкінің сарказммен емес, естеліктермен байланысты екенін айтып ақталды. 

Серіктестер жаңалықтары