Тікелей эфир

"Қазавтожолдың" жол қауіпсіздігін арттырудағы жаңа тәсілі қандай?

Енді тасжол бойында тұратын шаруалар малды жарық шағылыстыратын аэрозольмен таңбалауға тиіс.

Республикалық маңызы бар тасжолдардың бойында тұратын тұрғындар үй жануарларының мойнына жарық шағылыстыратын лента тағуы тиіс. Сондай-ақ, олар төрт түлігін арнайы бояумен белгілеуге міндетті, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бүкіл ел бойынша тасжолдарда 300-ден астам апатты учаске бар. Осы учаскелерде қараусыз жүретін төрт түлік малдың себебінен жол апаты көбейген. 

Енді ерекше аэрозольдар жүргізушілерге жолдағы жануарды алыстан байқауға мүмкіндік береді. Ал құралды "ҚазАвтоЖол" ҰК өкілдері тұрғындарға тегін таратады. Қаржыландыру жыл сайынғы республикалық трассаларды күтіп ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылмақ.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда мал ұрлығы күз бен қыста көбейеді – сараптама


"9 мың бас малды жарық шағылыстырғыш аэрозольмен қамту жоспарда бар. Қазір 4 мың бас малдың иесі осындай құралмен қамтылды. Мұнымен қатар, республикалық маңызы бар жолдарға стробоскоптар мен "шу жолақтары" орнатылып жатыр", – деді "Қазавтожол" ұлттық компаниясының ресми өкілі Ләззат Стамғазиева. 

Серіктестер жаңалықтары