Қазақтелеком орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің бірыңғай операторы болады

Фото: Информбюро
Фото: Информбюро
2024 жылы республикада орман өрттері 75 пайызға азайды.

Қазақстанда "Қазақтелеком" АҚ орман және табиғатты қорғау мекемелерінің орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізудің бірыңғай операторы болып айқындалады.

Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды. 

"Қазақстанда жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қабылдануда, оның ішінде орман және табиғатты қорғау мекемелерінің орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу. Көрсетілген жүйені енгізу үшін "Қазақтелеком" АҚ-ын бірыңғай оператор ретінде айқындау жоспарлануда", – делінген жобаны баспасөз хабарламасында. 

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда орман өрттерін ерте анықтау жүйелері "Бурабай" (132 мың га), "Көкшетау" (182 мың га), "Медеу" (842 га) табиғи парктерінде және "Ертіс орманы" (277 мың га) резерватында жұмыс істейді.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары