
Бұл уақытша қабылданған шешім.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетел азаматтарына ЖСН беруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетел азаматтарына ЖСН беру уақытша тоқтайды", – делінген елшіліктің таратқан ақпаратында.
ЖСН-ға қатысты қосымша ақпарат елшіліктің сайтында жарияланған.