Қазақстанда үйленгеннен кейінгі 1-4 жыл ішінде ажырасатын жұптардың үлесі жоғары. Ерлі-зайыптылардың 29,2 пайызы осы кезеңде ажырасады. Бұл туралы "Қазақстандық отбасылар" ұлттық баяндамасында жазылған.
Қазақстанда жылына орта есеппен 140 мың отбасы құрылады, оның 50 мыңы бұзылады. Мамандардың зерттеуінше, ажырасуға қаржылық-материалдық проблемадан бастап, моральдық-жеке проблемаларға дейін әртүрлі себеп бар.
Қазір Қазақстанда 521 мыңға жуық жалғызбасты ата-ана тұрады. Оның ішінде 452 730 отбасында – тек анасы, 68 256 отбасында тек әкесі бар.
Оқи отырыңыз: "Ажырасу – ұят, ал таяқ жеу – тағдырдың жазғаны ма?" Тұрмыстық зорлық жөніндегі халықаралық сарапшымен сұхбат
Ұлттық баяндамада, сондай-ақ Астана қаласында, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында ажырасу жиі тіркелгені жазылған.