Тікелей эфир

Қазақстанның барлық мектебінде ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы ашылады

2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасы әзірленді.

"Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт" атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарында "Ұлттық тәрбие – ел болашағы" білім берудің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатқанын атап өтті.

"Министрлік оқушылармен, ата-аналармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істей бастайды. Олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту", – деді министр.

Айта кетейік, 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын жүзеге асыру осы жылдың 1 қыркүйегінде басталады. Ол шамамен 5 миллион баланы қамтиды.


Оқи отырыңыз: Оқушылар арасында сколиоз 2 есе артты. "Жайлы мектептердің" барлығында ыңғайлы жиһаз бен жеделсаты болады


Білім алушылармен тығыз жұмыс жасау үшін "Өркен" Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты мен "Өрлеу" БАҰО АҚ базасында 72 сағаттық бағдарлама бойынша арнайы педагогикалық курстар өткізіледі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары