Тікелей эфир

Қазақстандықтардың 55 пайызы теңге бір жылдан кейін әлсірейді деп есептейді – зерттеу

Қазақстанмен көршілес мемлекеттерде де тұтынушылық сенімділік артқаны байқалады.

Отандық зерттеушілер жүргізген сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 55,4 пайызы теңге долларға қарағанда бір жылдан кейін әлсірейді деп болжады. Ал 36,1 пайызы бір айдан кейін әлсірейді деп күтіп отыр. Аталған көрсеткіш қазан айында 53,9% және 34,4 пайызды құраған еді. 

Талдаушы Данияр Оразбаев Орталық Азияның төрт елінің тұрғындарының тұтынушылық сенімділігін зерттеудің бесінші толқыны серпіннің әртүрлі бағыттылығымен, серпілістермен және жекелеген елдердегі кейбір көрсеткіштердің төмендеуімен ерекшеленетінін айтады.  

"Екінші ай қатарынан Қазақстан (3600 респондент), Өзбекстан (3600), Қырғызстан (1600) және Тәжікстан (1200) секілді мемлекеттерде тұтынушылық сенімділік артқаны байқалады. Бұл үрдісті мемлекет пен бизнес оң қабылдауы мүмкін. Екінші жағынан, бүкіл өңірдегі жылдық инфляцияның төмендеуіне қарамастан, тұрғындардың бағалардың болашақта өсуіне деген бірыңғай сенімділігі жоқ. Сондықтан да инфляцияны мерзімінен бұрын жеңгенін айтпай, инфляциялық күтулерді мұқият бақылау қажет. Зерттеудің келесі толқыны бұл серпіннің бір реттік немесе ұзақ мерзімді екенін көрсетеді", – деді Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы Данияр Оразбаев. 


Оқи отырыңыз: 138 мың теңге сыйлықақын кімдер алады? Маңызды 8 сұраққа жауап


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары