Қырғызстандағы Ыстықкөлдің биосфералық аумағында орналасқан пансионат, демалыс үйі, коттедж, және өзге де демалу мен сауықтыруға арналған орындарды шетелдіктердің сатып алуына рұқсат берілмек, деп хабарлады 24.kg.
Бұл заң жобасын Жогорку Кенештің аграрлық саясат, су ресурстары және өңірлік даму жөніндегі комитеті екінші оқылымда қабылдады.
Заң жобасының авторы, депутат Балбак Тулобаевтың түсіндіруінше, қазіргі таңда қолданыстағы заң рекреация нысандарын шетелдіктерге сатуға тыйым салады.
Алайда демалыс орындарының инфрақұрылымын жақсартуға инвестиция тарту үшін Қырғызстан аталған нысандарды шетелдіктердің сатып алуына рұқсат беруге мәжбүр болып отыр. Балбак Тулобаев заңдағы өзгерістер жаңа жұмыс орындарын ашып, Ыстықкөлдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімді.
Оқи отырыңыз: Қазақстаннан қандай елдерге тікелей әуе рейсімен жетуге болады? Информбюро тізімі