Тікелей эфир

Қазақстанда үйленуге ниетті жастар енді арнайы курстан өтуі мүмкін

Бұдан былай некеге тұруға ниетті жастар арнайы оқудан өтуі мүмкін.

Олар шаңырақ көтермес бұрын психолог не менторлармен жұмыс істейді, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оқу 1 айға созылуы ықтимал. Бұл бастама тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы аясында қарастырылып жатыр. Сондықтан, әзірге бір айлық курс жалпыға бірдей міндеттеле ме, міндеттелмей ме – белгісіз.


Оқи отырыңыз: Отбасындағы жанжал: Қалай ажырасудың алдын алуға болады?


Қазақстандықтардың барлығы бірдей бұл ұсынысты қолдай қоймады.

Серіктестер жаңалықтары