Тікелей эфир

Қазақстанда тағы бір жоғары оқу орнына ерекше мәртебе беріледі

Қазіргі таңда елде ерекше мәртебеге ие 16 ЖОО бар.

Қазақстанда ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарының тізімін Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті толықтырады. Бұл ұсыныс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына енгізіледі. 

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті өз жұмысын Тараз қаласында биылғы 1 қыркүйекте бастайды. Ол "М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын екіге бөлу жолымен құрылды. 

ҚазҰСШИУ-ға 2024-2025 жылдарға 245 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының нысаналы квотасы (бакалавриатқа – 210, магистратураға – 20, докторантураға – 15) бөлінді.


Оқи отырыңыз: Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады


Еске салайық, Қазақстанда қазіргі таңда ерекше мәртебеге ие 16 ЖОО бар. Олар: 

  • Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті;
  • Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  • Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
  • Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
  • Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті;
  • Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;
  • Қазақ ұлттық өнер университеті;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • ҚР Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы;
  • ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы;
  • ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы;
  • Қазақ ұлттық хореография академиясы;
  • ҚР Ұлттық қорғаныс университеті;
  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
3

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары