USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

Қазақстанда сотталған адамға мемлекет күніне қанша теңге шығындайды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
ІІМ есебінше, 2000 адамды жазадан босату арқылы жылына 2,1 млрд теңге үнемдеуге болады.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қазақстанда бір сотталған адамға мемлекет күніне қанша қаражат шығындайтынын айтты. Бұл мәлімет оның мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің сауалына берген жауабында жазылған. 

"Екі мыңнан астам сотталғанды босату бюджетті күніне 5,8 млн теңгеге дейін үнемдеуге (1 сотталғанға жалпы шығындар күніне – 2900 теңге, тиісінше жылына – 2,1 млрд теңге) мүмкіндік береді", – делінген министрдің жауабында. 

Ержан Сәденовтің айтуынша, бұл шара гуманизм қағидаттарын, мемлекеттің әлеуметтік саясатын қолдауды, әйелдерді бейімдеуді, олардың отбасылық құндылықтарын нығайтуды және балалардың құқықтарын сақтауды, сондай-ақ ҚАЖ түзеу мекемелерінде өтеушілердің жүктемесін азайту есебінен мемлекеттік шығыстарды оң тайландыруды және сотталғандарды ҚАЖ мекемелерінде ұстау жағдайларын жақсартуды көздейді. 


Оқи отырыңыз: Түрмедегі әйелдерге рақымшылық ету: Қанша адам жазадан босатылуы мүмкін


Еске салайық, министр дәл осы жауап хатында мәжіліс депутаттарының сотталған әйелдердің жазасын жеңілдету және жазадан босату туралы ұсынысын қолдайтынын айтты

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес, Ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін сотталған 1220 әйел жазасын өтеуден босатылуы мүмкін. Сонымен қатар, зорлық-зомбылыққа байланысты емес қылмыстар жасағаны үшін 2002 әйел сотталды, олардың 1766-сы алғаш рет, ал 150-і ауырлығы шағын және орташа қылмыстар жасаған. Өз кезегінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған 5055 әйелге жаза мерзімін қысқарту мүмкін", – деді Ержан Сәденов.  

Серіктестер жаңалықтары