Тікелей эфир

Қазақстанда күздің алғашқы күні ауа райы қандай болмақ

Қыркүйектің алғашқы күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 1 қыркүйек күні Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауса, оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аумағында қар аралас жауын болады. 

Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады.

"Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, екпінді жел соғады және бұршақ жауады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Климат өзгерісімен күресте неге жеңіске жету мүмкін емес? Нобель лауреатымен әңгіме.


Астанада ара-тұра жауын жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +7+9 градус, ал күндіз +14+16 градус жылы болмақ.

Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ауа температурасы түнде +10+12 градус, күндіз +23+25 градус жылы болады.

Шымкентте де көшпелі бұлт болғанымен, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +25+27 градус жылы болмақ.

Серіктестер жаңалықтары