Тікелей эфир

Қазақстанда көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жаза жеңілдетілуі мүмкін бе? ІІМ жауабы

Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасарының айтуынша, қолданыстағы санкцияларды қайта қараудың қажеті жоқ.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жазаны жеңілдету туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, елде жыл сайын 500 жол-көлік оқиғасын мас жүргізушілер жасайды. Соның салдарынан орташа есеппен 100 адам қаза тауып, 600 адам жараланған.

2018 жылдан бері Қазақстанда көлікті мас күйінде жүргізудің 148 мың оқиғасы анықталды. 2023 жылы мұндай 22 мың факті анықталды.

"Шара өте қажет және өте орынды, оны қайта қараудың қажеті жоқ", – деп жауап берді Игорт Лепеха Мәжіліс депутатының жазаны жеңілдету мүмкіндігі туралы сұрағына.


Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында ауыл әкімі тағы да мас күйде рөлге отырып, 15 тәулікке қамалды


Оның пікірінше, алкогольдік масаң күйде болған жазатайым оқиғалардың нақты саны бұдан да көп.

"Егер біз көптеген Скандинавия елдеріндегідей мақсатты рейдтер жүргізсек, бұл сан екі есе көп болар еді", – деді Игорь Лепеха.

Серіктестер жаңалықтары