Тікелей эфир

Қазақстанда кинотеатр қызметі 12 пайызға қымбаттады. Ең жоғары баға Ақмола облысында

Үш облыста баға 20 пайызға өскен.

Биыл наурыздағы қорытынды бойынша кинотеатрлар қызметінің бағасы бір жылда 12,3 пайызға қымбаттаған, деп хабарлады Energyprom.kz сайты.

2022 жылы 68,1 млрд теңгеге кино, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар өндіру, музыкалық шығармалар және дыбыс жазу бойынша қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 44,7 пайызға артық. Сектордағы қызметтердің басым бөлігі фильмдер мен телебағдарламалар өндірісіне түскен: 35 млрд теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 36,4 пайызға артық.

Қызмет көрсету жағынан 40,1 млрд теңгемен Алматы алғашқы орында, ал 20 млрд теңгемен Астана  екінші орынға орналасты. Осы тізімді Шымкент (1,9 млрд теңге), Ақтөбе (1,2 млрд теңге) және Қарағанды (710,1 млн теңге) облыстары жалғастырады.


Оқи отырыңыз: Кинотеатрлар неге әлеуметтік фильм көрсетуден қашады? Режиссермен сұхбат


Ең жоғары баға Ақмола облысында тіркелген.

Бағаның ең төменгі жылдық өсуі Қызылорда (+0,2%), Қарағанды (+2,8%) және Атырау (+3,9%) облыстарында байқалады. Шымкентте кинотеатрлар қызметінің құны 2,8 пайызға арзандады. 

2030 жылға қарай қазақстандық кинотеатрларда отандық туындыларды көрсетуді 35 пайызға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ халықаралық фестивальдар мен байқауларда қазақ кинематографиясын насихаттау жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары