ҚР президенті іс басқармасы медициналық орталығының клиникалық ауруханасында аритмология орталығы ашылды. Орталықта аритмиямен ауыратын адамдарға көмектесетін, отандық және шетелдік кардиологтарды жаңа технологиялармен оқытады. Сондай-ақ, бұл орталық ең күрделі науқастарды емдейтін болады.
Грузиядан келген аритмолог Роин Реквавтың айтуынша, өлім-жітім бойынша жүрек-қан тамырлары аурулары қазір бүкіл әлемде бірінші орында және болжам бойынша, таяу 20 жылда жағдай өзгермейді. Сонымен қатар, ковид инфекциясының салдарынан жүректің қабыну процестері өсуде, бұл да жалпы статистикаға әсерін тигізіп отыр.
Барлық жаңа технологиялардың бір жерде, бір аурухана базасында жинақталғаны аса маңызды. Себебі, мұнда қазақстандық кариологтар өз білімдерін әрі қарай шындап, жетілдіре алатын мүмкіндіктері зор.
Оқи отырыңыз:
- Парацетамолды ұзақ уақыт ішу инсультке әкеледі. Зерттеу қорытындысы
- Дәрігерге қалай онлайн жазылуға болады? Шағын нұсқаулық
- Акушер-гинеколог, психолог және тіс дәрігеріне қалай кезексіз қаралуға болады?