Парацетамол қан қысымы жоғарылар үшін қауіпті. Өйткені, оны адам ұзақ уақыт ішетін болса, жүрегі ауырып, инсульт алуы мүмкін, деп хабарлады Circulation журналы.
Зерттеуге қан қысымы жоғары 110 ерікті қатысты. Екі апта бойы олардың бір тобы күніне төрт рет парацетамол, екінші тобы плацебо ішті. Сондай-ақ, осы еріктілердің үштен екі бөлігі гипертонияны емдейтін дәрі ішкен. Нәтижесінде, зерттеу жұмысына қатысушылардың қан қысымының жоғарылағаны белгілі болды.
Оқи отырыңыз:
- Тұмау инфекциясынан қалай қорғануға болады? Елордалық дәрігерлер кеңес берді
- Баланы ауруханаға жатқызарда нені білу керек? Өзекті 6 сұраққа жауап
Мамандардың айтуынша, науқастар парацетамолды жиі ішетін болса, онда олардың қан қысымы 20 пайызға жоғарылауы мүмкін. Еріктілер препаратты қабылдауды қойған соң, олардың қан қысымы қалыпты деңгейге оралған. Бұған дейін парацетамолдың бауыр ауруын асқындыратыны белгілі болған еді. Сондай-ақ, препарат аллергияны да асқындырып, теріде жара пайда болуы мүмкін.
Ацетаминофен атымен танымал парацетамол да дене қызуын төмендету үшін пайдаланылады. Ол орталық жүйке жүйесінде циклооксигеназды бұғаттап, ауру орталықтары мен жылуды реттеуге әсер етеді. Қабынуға қарсы ешқандай әсері жоқ. Парацетамол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маңызды дәрі-дәрмектер тізіміне енген.
Еске салсақ, отандық ғалымдардың стевияны жаппай көбейту технологиясын әзірлегені туралы хабарлаған едік. Стевия қант диабеті, атеросклероз, семіздік және басқа да ілеспе ауруларына шалдыққан адамдардың мәзіріндегі қантты алмастырады.