Арнайы алқаптарда ақбөкендерді ұстау квота арқылы жүзеге аспақ, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Түз жануарын аулағысы келген адамдар алдымен жергілікті атқарушы органға өтініш беру керек. Рұқсатын алған соң аңшылар бекітілген аумаққа жіберіледі. Сосын ауланған киіктердің мүйізі мен ұшасын таңбалайды.
Жаңа құжат 20 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Жалпы, дала кезген жануарды аулау өткен айда басталған болатын. Биологиялық негіздемеге сәйкес киік санын реттеудің екі әдісі таңдалған. Біріншісі – торға қамап ұстау. Екіншісі – ақбөкендерді түнгі уақытта ату. Осы екі тәсілді пайдалану арқылы бас-аяғы 337 мың киікті аулау жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ақбөкен саны көбейіп келеді. Шенеуніктер оның етін тұтыну мәселесін талқылауда