Қазақстанда бүгінде 1 915 000 киік болса, жыл соңына дейін саны 2,6 миллионға жетеді. Бұл туралы Орталық-коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық талқылауда экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері айтты.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, еліміздегі ақбөкендердің саны тұрақты тұтынушылық және тұтынушылық емес пайдалануды негіздейтін көрсеткішке жетті.
"Ақбөкен етін ет комбинаттарына тасымалдау санитарлық талаптарға, оның ішінде тасымалдау жабдықтарындағы температуралық жағдайларға, көлік құралдарын залалсыздандыруға, ет комбинаттары мен сою орындарына ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өтуге тиіс", – деді Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Самат Төлегенов.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында 80 мың гектар егістік алқабын ақбөкендер таптап тастады.
Қазіргі уақытта биологиялық негіздемеге сәйкес ақбөкендер популяциясын басқару бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, жақын арада осы мәселе бойынша шешім қабылданады.