Қазақстанда алғашқы АЭС қайда салынатыны белгілі болды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қаулы бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еліміздегі алғашқы атом электр станциясы Алматы облысындағы Жамбыл ауданында салынады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған құжаттан белгілі болды. 

Қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданды. 

Бірақ құжат ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Ол ресми түрде 2025 жылғы 25 ақпанда қабылданған.

"Алматы облысының Жамбыл ауданы – "Атом электр станциясы"ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын", – делінген қаулыда.

Жалпы, Қазақстанда бір емес бірнеше атом электр станциясын салу жоспарланып отыр. Бірі Алматы облысында салынса, екіншісі – Абай облысында, бұрынғы Семей полигоны маңында бой көтеруі мүмкін. 

Серіктестер жаңалықтары