Тұз бен макарон өнімдерінің бағасы тұрақты болып қалды.
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді, деп хабарлады ҚР СИМ Сауда комитеті.
Сауда комитеті 2023 жылғы тамыз айының бірінші аптасы мен 2024 жылғы тамыз айының бірінші аптасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын салыстырды. Салыстыру нәтижесі өткен жылмен салыстырғанда көп тауардың бағасы төмендегенін көрсетті. Комитет азық-түлік түрі бойынша мысал келтірді.
Күнбағыс майы:
- 2023 жылдың тамызы – 1 литрі 781 теңге (1,6 доллар);
- 2024 жылдың тамызы – 1 литрі 626 теңге (1,3 доллар).
Пияз:
- 2023 жылдың тамызы – бір килограмы 177 теңге (0,36 АҚШ доллары);
- 2024 жылдың тамызы – бір килограмы 129 теңге (0,26 доллар).
Қырыққабат:
- 2023 жылдың тамызы – бір килограмы 159 теңге (0,33 АҚШ доллары);
- 2024 жылдың тамызы – бір килограмы 124 теңге (0,25 доллар).
Қант:
- бір килограмы 434 теңге (0,90 доллар);
- бір килограмы 415 теңге (0,86 доллар).
Сәбіз:
- бір килограмы 198 теңге (0,41 доллар);
- бір килограмы 188 теңге (0,39 доллар).
Қарақұмық:
- бір килограмы 338 теңге (0,70 доллар);
- бір килограмы 222 теңге (0,46 доллар).
Бірінші сұрыпты бидай ұны:
- 2023 жылдың тамызы – бір килограмы 232 теңге (0,47 АҚШ доллары);
- 2024 жылдың тамызы – бір килограмы 228 теңге (0,47 доллар).
Тұз бен макарон өнімдерінің бағасы тұрақты болып қалды.