Тікелей эфир

Сегіз жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді

Бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында мемлекеттік бақылау күшейтілді.

2016 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бағаның маусымдық ауытқуын болдырмау үшін қабылданған шаралар:

  • Нарыққа 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жеткізілді;
  • Салалық қауымдастықпен жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды.

Бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында мемлекеттік бақылау күшейтілді. Сонымен қатар жыл басынан бері көптеген заңбұзушылық анықталды:

  • 16,3 миллион теңге сомасына сауда заңнамасын бұзу бойынша 2 357 әкімшілік іс қозғалды;
  • сауда үстемесін асыра пайдалану туралы 1 946 қаулы шығарылды.

 

Серіктестер жаңалықтары