Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан 400 мыңнан астам балаға мектеп формасы, мектепке қажет керек-жарақтар беріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, биылғы әр білім алушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге. Барлық ақша аударымы ата-аналардың карта шотына түседі.
Қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын өздері таңдап алуы үшін беріледі. Қабылданған өзгерістер ата-аналар мен балаларға жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді", – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.
Оқи отырыңыз: 2023-2024 жылдары мектеп формасы қалай өзгереді?
Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек беру және балаларды 100% қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді. "Жалпыға бірдей оқыту" қоры атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға және жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек береді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады. Оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары да бар.
Оқи отырыңыз: Абай облысындағы өрттен қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері үш қалаға тегін ұша алады
Еске салайық, мектеп жиынтығын сатып алу сомасы 17 мың теңгеден басталған еді.