Тікелей эфир

2023-2024 жылдары мектеп формасы қалай өзгереді?

Бұйрық келесі оқу жылынан бастап күшіне енеді.

Келер жылы Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрінің тиісті бұйрығында хабарланды. Бұйрық 2023-2024 оқу жылында күшіне енеді.

Келесі тармақтарға өзгерістер енгізілген:

9-тармақ:

"Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, түймелері немесе бекіткіші бар трикотаж кардиган (бомбер), классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады".

14-тармақ:

"Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі".

19-тармақ:

"Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар кеңесі) айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі".


Оқи отырыңыз: Қай өңір мұғалімдері жоғары жалақы алады?


22-тармақ:

"Орта білім беру ұйымының басшысы және кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) міндетті мектеп формасын енгізу кезінде осы талаптарды басшылыққа алады".

24-тармақ:

"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Мектеп формасының жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге жол берілмейді. Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын алуда тәуелсіз. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары ата-аналар мен білім беру ұйымдарына әкімшілік аумақта мектеп формасының бірыңғай түсін таңдауды ұсынады.".

26-тармақ:

"Басшы білім алушылардың мектеп формасын сақтауы мәселесін (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар кеңесі) кеңестің талқылауына шығарады".


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Директордың бір мектепте 15 жыл басшылық етуі оқыту тиімділігіне әсер етпей қоймайды


 

Серіктестер жаңалықтары