Тікелей эфир

Қазақстанда 2030 жылға дейін сұранысқа ие болатын 25 мамандық тізімі жарияланды

Алдағы 7 жылда есепшілер мен күзетшілерді іздейтін мекемелер мен компаниялар саны артпақ.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мамандарының мәліметінше, 90 мыңнан астам есепші, 70 мыңнан астам күзетші мен инкассаторлар қажет болады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Алдағы 7 жылда 90 мыңнан астам есепші қажет болуы мүмкін, себебі кез келген мемлекеттік мекеме немесе жеке компанияларға қашанда есепшілер қажет. Сонымен қатар, күзетші мен инкассатор, жүргізушілер мен сатушыларға сұраныс жоғары.

Ал тұрғындар, керісінше, қызмет көрсету саласындағы мамандар үнемі тапшы екенін айтуда.

"Менің ойымша, заңгерлер мен қорғаушыларда, қызмет көрсету саласындағы мамандар үнемі тапшы болады. Жыл сайын қонақ үй, мейрамхана бизнесі дамып келе жатыр.Құрылысшы, аспаздар да үнемі сұранысқа ие болады", – деді қала тұрғыны.


Оқи отырыңыз: Қазақстан мектептеріне 2817 педагог жетпейді. Қай пән мұғалімдері тапшы?


Сондай-ақ, дүкен сатушылары, жүргізушілер, мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері де қажетті мамандықтардың қатарында қала бермек.

Серіктестер жаңалықтары