Қорға ірі бизнес, компания өкілдері мен жеке тұлғалар ақша аударған.
"Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметі қорда ол құрылған күннен бері 116,8 млрд теңге жиналғанын хабарлады.
"16 қаңтар мен 9 ақпан аралығында заңды тұлғалар мен ірі бизнесмендер жалпы сомасы 116 762 600 000 теңге болатын 215 төлем жасады. Сондай-ақ, 69 695 жеке тұлғадан 55 млн теңге қаражат түсті", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қор өз үлесін қосқан барша тұлғаға ризашылық білдіреді.
Оқи отырыңыз:
- "Қазақстан халқына" қорынан қандай қажеттіліктерге көмек алуға болады?
- "Қазақстан халқына" қоры қызметінің тұжырымдамасы әзірленеді
- Мәжіліс депутаты Қазақстанда "ана капиталын" енгізуді ұсынды
- "Қазақстан халқына" қорының төрағасы қызметіне Болат Жәмішев тағайындалды