Амур жолбарысының алғашқы партиясы Қазақстанға 2025 жылға қарай әкеліне бастайды, деп мәлімдеді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәжіліс кулуарында.
"Қыркүйек айында өткен Қиыр Шығыс экономикалық форумында біздің өкілдеріміз Ресейдің Табиғат министрлігімен меморандумға қол қойды. Қазір карталарға қол қойылып жатыр. Соның аясында біз 2025 жылға қарай Амур жолбарыстарын Қазақстанға әкеле бастаймыз. Нақты айтқанда екі ұрғашы (өлекшін – ред.) және бір еркек жолбарыс (шері – ред.) әкелеміз. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деді министр.
Серікқали Брекешев жолбарыстарға арналған азық қоры дайын екенін айтты. Оның сөзінше, қорыққа бұған дейін бұғылар әкелінген. Сонымен қатар онда жеткілікті мөлшерде жабайы шошқалар мен еліктер бар.
Журналистер министрден "Жобарыстар ел тұрғындарына, мал шаруашылығына қауіп төндірмей ме?" деп сұрады.
"Бұл біздің азаматтарға ешқандай қауіп төндірмейді деп ойлаймын", – деді министр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіруге 35 жыл қажет
Сондай-ақ, жолбарыстарды Қазақстанға әкелу үдерісі тегін екенін, ол ұшін ешқандай ақша төленбейтінін атап өтті.Министрдің айтуынша, ғалымдар ДНҚ бойынша Тұран жолбарысына ең жақынын Амур жолбарысыекенін дәлелдеген.