Тікелей эфир

Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіруге 35 жыл қажет

Бағдарлама үш кезеңге бөлінсе, қазір соның біріншісі бойынша жұмыстар жүріп жатыр

Владивосток қаласында жолбарысты сақтап қалуға арналған екінші халықаралық форум өтті. Онда Қазақстан жыртқышты қалпына келтіру бағдарламасын ұсынды, деп хабарлады Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Орта Азия бағдарламасының баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, 2010 жылы жер бетінде жолбарысты сақтауға байланысты мәселелер бойынша бірінші халықаралық форум өтті. Онда Қазақстан жолбарысты табиғат аясына қайтаруға дайын екенін жариялады. 2017 жылы кейін Қазақстан, Ресей және басқа да елдер ғалымдарының күш-жігерінің нәтижесінде елде жолбарысты реинтродукциялау бағдарламасы әзірленіп, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен Қазақстан үкіметі арасында меморандумға қол қойылды.
 
2018 жылы "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты құрылған сәттен бастап экожүйені қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: Тұран жолбарысын "тірілте" аламыз ба?


Жолбарысты реинтродукциялау бағдарламасы кемінде 35 жылға есептелген. Ол үш негізгі кезеңнен тұрады. Атап айтқанда:

  • аумақты дайындау;
  • жыртқышты шығару;
  • популяция өсуінің мониторингі.

"Қазір бағдарламаның бірінші кезеңінің ортасындамыз, оның барысында экожүйені қалпына келтіру, аумақты қорғау және тұяқты жануарлар санын арттыру бойынша жұмыстар табысты жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары