Тікелей эфир

Қазақстан нарығында өзге елдерден келетін көліктер көбейе түсті

2024 жылдың 5 айында Қазақстан 58 мыңнан астам жаңа көлікті импорттаған.

Қазақстан нарығында өзге елдерден келетін көліктер күрт көбейді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Кейінгі жылдары жаңа автомобильдердің импорты артқан. Бұл туралы ForteBank-тың сарапшылары мәлімдеді.

2024 жылдың 5 айында Қазақстан 58 мыңнан астам жаңа көлікті импорттаған. Бұл 2019 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4 есеге көп.

Әсіресе, темір тұлпарлар Шығыс Азия елдерінен жеткізіледі. Бұл көрсеткіште көштің басында Қытай елі тұр. Жапония мен Оңтүстік Корея мемлекеттері үздік үштікте.

Сонымен қатар елімізде электромобильдерге де сұраныс артқан. Биыл 5 айдың ішінде мыңнан астам тоқпен жүретін машина елге кіргізілген. Электромобильдердің 96 пайызы Қытай мемлекетінен жеткізілген.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары