Тікелей эфир

Астанада көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы шектеледі

Астанада Мемлекеттік күзет қызметі тұрғындарға үндеу жасады.

Астанада көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы шектеледі, деп хабарлады Мемлекеттік күзет қызметі.

"Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты, 7 және 10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде, негізінен "Есіл" (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғылы, Достық, Керей-Жәнібек хандары көшелері.), "Нұра" (Тұран, Ұлы Дала даңғылы) және "Алматы" (Тәуелсіздік даңғылы, Ж.Нәжімеденов Қ.Аманжолов көшелері) аудандарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", – делінген хабарламада.

Дайындық аясында 3 тамызында бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді.

"Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді. Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамас ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары