29 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі шетелдік эмитенттердің KASE акцияларының сауда-саттықтары ашылады, деп хабарлайды naryk.kz сайты.
Атап айтқанда Caterpillar Inc. пен International Business Machines Corp. (IBM) компанияларының акциясы қазақстандықтарға қолжетімді болмақ.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі АҚШ долларымен көрсетілген акция бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген. Баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Бұл акциялар орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарымен мәмілелер жасауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізіміне енгізілген.
Caterpillar Inc. – АҚШ-тың әлем бойынша құрылыс және өндірістік заттар шығаратын ірі компаниясы. Ал IBM – америкалық компания. Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпараттық технологиялық қызмет көрсетумен айналысады.
Еске салсақ, қазақстандықтардың Apple мен АҚШ банкінің акцияларын сатып алып жатқаны туралы хабарлаған едік. 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап тағы 12 бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылды.