22-26 қараша аралығында KASE Global секторында акциялармен сауда-саттық көлемі 432,5 млн теңгені ($1 004,5 мың) құрады. Аталған кезеңде KASE Global секторында жалпы сомасы 432,5 млн теңге немесе 1 004,5 мың АҚШ долларына шетелдік компаниялардың 10 450 акциясымен 518 мәміле жасалды, деп хабарлады naryk.kz сайты.
Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді:
- US0378331005 (AAPL_KZ) Apple Inc. – жалпы сомасы 148,7 млн теңге немесе $345,5 мың болатын 41 мәміле;
- US0079031078 (AMD_KZ) Advanced Micro Devices, Inc. – жалпы сомасы 36,9 млн теңге немесе $85,5 мың болатын 15 мәміле;
- US0605051046 (BAC_KZ) Bank of America Corporation – жалпы сомасы 32,4 млн теңге немесе $75,1 мың болатын 53 мәміле.
Оқи отырыңыз: Amazon, Uber, Moderna, Twitter акцияларын қазақстандық қор биржасы арқылы сатып алуға болады
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап KASE Global секторында шетелдік эмитенттердің 25 акциясымен, 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап тағы 12 бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылды.
Бастапқы кезеңде осы секторда сауда-саттық үшін америкалық алаңдарда листингтен өткен және KASE ресми тізіміне енгізілген шетелдік акциялар қолжетімді, сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 11:20-дан 22:00-ге дейін Т+2 шарттарында өткізіледі. Бағалы қағаздарға баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.