Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ашық НҚА порталында "Қолжетімді интернет" пилоттық ұлттық жобасын қоғам талқысына ұсынды.
Жоба 2023-2027 жылы жүзеге асырылып, нәтижесінде кең жолақты интернетке қолжетімділік 100 пайызға жетуі тиіс. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар қалаларды 5G желісімен 75%, ал облыс орталықтарын 60% қамту көзделген.
Бұл үшін құзырлы министрлік сымды және сымсыз интернет байланысын қатар дамытуды жоспарлап отыр. Оның ішінде 5 жыл ішінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін 3 мың ауылға жеткізу міндеті тұр.
Оқи отырыңыз:
Құжат жобасына сәйкес, "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасын іске асыруға 1 114 726 105 мың теңге қажет. Оның ішінде:
- 2023 жылы – 161 028 372 мың теңге;
- 2024 жылы – 246 243 232 мың теңге;
- 2025 жылы – 252 005 804 мың теңге;
- 2026 жылы – 227 494 848 мың теңге;
- 2027 жылы – 227 953 848 мың теңге жұмсау көзделген.
Қаражаттың 531 988 432 мың теңге бөлігін республикалық бюджеттен алу жоспарланып отыр.