Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин президент қабылдауында талқыланған мәселелерге шолу жасады.
Оның айтуынша, ұялы байланыс операторларына қатысты бақылау шараларын күшейту және байланыс сапасын өлшеудің жаңа алгоритмдерін қолдану арқылы "цифрлық теңсіздікті" жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2021 жылы 628 елді мекенде интернет сапасы жақсартылса, биыл тағы да 140 ауыл сапалы интернет желісіне қосылады.
Мобильді операторлармен бірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G технологиясы сынақтан сәтті өткізілген.
2022 жылы республикалық маңызы бар қалаларда, ал 2023-2024 жылдары облыс орталықтарында 5G технологиясы коммерциялық мақсатта іске қосылады.